Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы жылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды», деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол биылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталатынын еске салды.