• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Тепловозды да түгімен жұтты

290 рет
көрсетілді

Облыстық қаржы полициясының қызметкерлері құны 1 миллион 620 мың АҚШ доллары тұратын тепловоздарды заңсыз сыртқа шығару фактісін анықтады. Осыған байланысты қаржы полициясы «Желдоркомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі лауазымды адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Оларға Ресейге ТЭМ-18 маркалы екі тепловозды жөн­детеміз деген желеумен заңсыз апар­ған деген күдік тағы­лып отыр. Сөйтіп, жал­ған құ­жаттар дайындап, тепловозды да­­йындаған зауыт нөміріне дейін өзгертіп жіберген.

Жемқорлар піте секілді, тісі өтсе еш­нәр­седен қай­мықпай жей береді. Енді олар­ға тепловоз да түк болмай қалғаны ғой. Ал бұл техника «Желдоркомпания» мен акция­ларының бақылау паке­ті «Самұрық-Қазына» Ұлт­тық әл-ауқат қорына тиесілі «Альянс­банк» акционерлік қо­ғамы филиа­­­­­лының ара­сындағы қаржылық лизинг келі­­сімшартына сәйкес ке­пілде тұрған зат екен.    

Қылмыстық іс тексерілуде.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар