• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Атырауда вакцина алғандар 800 адамнан асты

227 рет
көрсетілді

Атырауда арнайы ашылған 24 орында «Спутник V» вакцинасы салу жалғасып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, вакцина алғандар 800 адамнан асып отыр.

«Облыста 1-8 ақпан аралығында вакцина алғандар 833 адамға жетті. медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Оның ішінде 794 медицина қызметкері бар. Сондай-ақ, 7 ауданнан денсаулық саласының 237 қызметкері ерікті түрде вакцина салдырды. Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің 30 маманы мен 9 мемлекеттік қызметкер де індетке қарсы екпе алды.  Еріктілерге вакцина салу жалғасып жатыр», деді басқарма басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Оның айтуынша, вакцина салдырғанда жанама әсер байқалған жоқ.