• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Оңдасын Оразалин бақылау топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды

109 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сұрақтары қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған бір жағдай тіркелді. Анықталған науқастардың арасында Ресей мен Қазақстанның өзге өңірлерінде жұмыс істейтін ақтөбеліктер бар. 14 адам карантин стационарында. 585 медицина қызметкеріне вакцина егілді», деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов.   Коронавирус инфекциясының болуы мүмкін екінші толқынына дайындалу мақсатында өңірде барлық шара қабылданды: қажет болған жағдайда төсек орын саны 445-тен 3603-ке дейін көбейеді, орындардың 80,3%-ы оттегімен қамтылып, 21 стационарлық рентген аппараты орнатылды, өкпені желдететін 382 аппарат, 450 оттегі концентраты, ​ 626 оттегі баллондары, 787 ​ Бобров аппараты мен 424 оттегі жастығы бар.   Жедел жәрдем бекеті мен емдеу мекемелерінің автопарктері 41 санитарлық машинамен толығып, 6 мобильді диагностикалық кешен сатып алынды, дәрілік заттар мен жеке қорғаныс заттарының екі айлық қоры жасақталды. Нұржауған Қалауов бақылау топтарының жұмысын қатаң сынға алды.   Оның сөзінше, 47 бақылау тобы 31 мың нысанды қамти отыра 9673 тексеріс жүргізген. 1909 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 184 млн. теңге айыппұл салынды. Ақпан айының басынан бері Ақтөбе қаласында анықталған заң бұзушылықтар саны бірнеше есеге азайған, бұған бақылаудың әлсіздігі дәлел.   Соған байланысты облыс әкімі топтардың жұмыстарын қарқындатуды, сонымен қатар, халық арасында екпе жөніндегі ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.   «Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп айтуға болмайды, ол кез келген сәтте нашарлап кетуі мүмкін. Бақылау топтары шектеу шараларын бұзушыларға қатысты шараларды қолдана отыра, жауапкершілікпен жұмыс істеулері қажет. Қауіп бар. Бұдан басқа, мәслихаттың бюджетті анықтау жөніндегі алдағы сессиясында тұрғындардың Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің есептік кездесулерінде айтқан ұсыныстарын қарауымыз керек»- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.   Сонымен қатар, өңір басшысы «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы болып тағайындалған Қуанышбек Серікжановты таныстырды.