• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Мұз болып қатқан көз жасы

386 рет
көрсетілді

Желтоқсан. Далада қақаған аяз. От жағылмаған үйдің іші де тым салқын. Бөлменің бір бұрышында көрпеге оранып, қатты тоңған Әділет отыр. Жанында электрлі жылытқыш пеші, бөлмені жылытуға қауқары жетер емес.

Бұл үйде төрт айдан бері тіршіліктің оты сөнгендей. Әділеттің анасы айықпас дерттен көз жұмған болатын.

Жарының қазасына шыдай алмаған Ерсін ішімдікке салынып кеткен-ді. Ол әдеттегідей шөлмегін құшақтап, есіктен кіріп келеді. Аяқ жүрісінің дыбысын естіген Әділет: «Әкем таңдайға басар заттар әкелген болар», – деген үмітпен, есікке қарады. Алайда, әкесінің қолында шөлмектен басқа ешнәрсе де жоқ болатын.

– Әкешім, қарным ашты.

– Балам, сәл шыда. Әкең қазір мына жылытқыш пешті апарып сатады. Оның ақшасына үйге нан сатып әкеледі, – деп пешті қол­тық­тап, теңселіп үйден шығып кет­ті. Әділет әкесін үмітпен ұзақ күт­­ті. Алайда, оның шөлмектес дос­­та­ры кезігіп, сатқан ақшаға нан емес, арақ алып қарық болып жат­­ты.

Ертеңіне мастығы тарқағасын, қалған ақшаға азын аулақ нан алып, үйге келді. Үй іші тым-тырыс.

– Балам, әкең нан әкелді. Оян қарағым! Ол баласын оянар деп күтті... Бәрі кеш бола­­­тын. Ұлы­ның жүзіне назар аудар­ға­нын­да аштықтан аққан көз жа­сының мұз болып қатып қалға­нын көрді.

Қожахмет Кеңесбеков.

Соңғы жаңалықтар