Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданында 10 оқушыдан коронавирус індеті анықталып, 3 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Мектеп оқуышылары симптомсыз әрі жеңіл түрімен ауырғандықтан, үйлеріне жіберілді. Бұған қоса, Ақтау қаласындағы 3 балабақшада да мұғалім мен тәрбиешілерден анықталып мекеменің жұмысы уақытша тоқтады.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында жаңа қаулы шығып, карантин талаптары жеңілдеді. Театр, мәдени нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да ұзарып, таңғы жетіден түнгі он екіге дейін қызмет көрсете алады. Бастысы, санитарлық талап қатаң сақталуы шарт.