• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Қостанайдағы көктайғақтан 50 шақты адам жарақат алды

200 рет
көрсетілді

Қостанайда мезгілсіз жауған жаңбырдың соңы аязға ұласып,  салдарынан қала көшелері көктайғаққа айналды. 

Кешелі бері құлап, қол-аяғы сынып, түрлі  жарақат алған жаяу жүргінші көп. Қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінде қазір жұмыс қауырт. Әдеттегі күндері мұнда 40-50  науқас түсетін болса, қазір ол екі есеге дейін артқан.  Мысалы, дүйсенбі күні қалалық травматология бөлімінің дәрігерлері 70-тен астам тұрғынды қабылдаған.

«Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөліміне 77 адам келіп түсті. Оның ішінде көшеде тайып жығылған 45 адам бар.  Мысалы, кеше тірсегін сындырып алған жас жігіт келіп түсті. Қазір ол ота жасау бөлімінде жатыр.  Одан кейін тағы бір әйел түсті. Ол кісі де көшеге шыға салысымен аялдамаға жете бергенде тайып құлап, аяғын сындырып алған», деді қалалық аурухананың дәрігер-травматологы Артем Тисленко. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір коммуналдық мекемелері  80 техника шығарып,  көшелерді тазалау, тротуарлар мен аялдамаларға, сондай-ақ тұрғын үй аулаларына  мұз еріткіш қоспа себумен айналысып жатыр.

 

 

Қостанай облысы