Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпанда Алматы уақытымен 04:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚаАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.8.
MPV магнитудасы – 4.4.
Эпицентрдің координаттары – 44.32° с. е. 80.71° ш. б.
Тереңдігі – 20 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, кеше Алматы қаласынан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.