• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 10 Ақпан, 2021

А.Көлгінов Astana LRT құрылысына қатысты тың ақпарат айтты

236 рет
көрсетілді

Astana LRT құрылысын жандандыру үшін банктерден инвестиция тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«LRT қалалықтардың барлығын толғандырып отыр. Пандемия кезеңінде оның құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды. Банктерден қаражат тарту қажет», деді Алтай Көлгінов.

Қала басшысы осы уақытқа дейін салынған LRT нысандары қала көркін бұзып тұрғандығын да жасырмады.

«Оның үстіне оған қомақты қаражат жұмсалып кетті. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Қазіргі уақытта банктерден инвестиция тарту бағытындағы жұмыс жүргізіліп жатыр», деді елорда әкімі.