• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2021

Тұрғын үй комиссиялары қызметі қағидаларына өзгеріс енгізіледі

201 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрық жобасы тұрғын үйге мұқтаж адамдар - «азаматтық персонал» санатымен толықтырылды.

Аталған бұйрық олқылықтарды жою және нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында қабылданды.

Құжаттың толық мәтінімен интернет порталының нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5424861.