• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2021

Атырауда 2 млрд теңгенің балық шабағын өсіру жобасы іске асырылады

245 рет
көрсетілді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында бекіре тұқымдас және өзге де балық түрлерін өсіретін жаңа жоба іске асырылмақ. Жобаға 2 млрд теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындар алдында есеп берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәліметіне сүйенсек, аталған жобаның инвесторы – «СевКаспий ФИШ» ЖШС. Бұл серіктестік 2 млрд теңге ​инвестиция салу арқылы балық ​ қорын көбейтуді қолға алады. Сөйтіп, бекіре тұқымдас және қара балықтардың 10 милионнан астам шабағын өсіріп, Қиғаш өзеніне жібермек. Сондай-ақ ауданда  тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады.

«Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылығын ​ дамыту мақсатында​ Қиғаш өзенінде 243,55 шақырымды құрайтын жанама каналдардың түбі тереңдетіледі. Сондай-ақ, 75 шақырымдық «Кобяково-Забурунье» суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр» дейді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.