Кеше Петропавлдың «Егемен Қазақстан» және «Евгений Брусиловский» көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл қаланың қақ ортасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарсы келіп қалған ВАЗ-2101 және АУДИ-80 автомобильдері қатты соғылып, нәтижесінде ВАЗ-2101 жүргізушісін құтқарушылар әрең алып шығып, жедел-жәрдемнің қолына тапсырды.
Жол-көлік оқиғасы жолдың көктайғақтығында тежегіштің ұстамауы себепті орын алған деген алғашқы болжам айтылуда.