• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2021

Қостанайда жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды

171 рет
көрсетілді

Қостанай облысының спорт-барларының бірінде жасырын казиноның заңсыз қызметі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Департамент қызметкерлері «STOP-ойын» жедел алдын алу шарасы аясында Қостанай қаласының спорт барларын тексерді. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтарын қолданып, жасырын казино ұйымдастырғандар әшкереленді.

Қазіргі уақытта құмар ойындарын өткізгендерге қатысты ҚР ҚК 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство мәліметіне сүйенсек, әзірге тергеу жүргізіліп жатқандықтан басқа деректер құпия сақталады.