• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Елбасының Ресейге жұмыс сапары

308 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Сапар барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Президентінің  баспасөз қызметі.

Отырыста интеграциялық құрылымдар – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар