• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Ақпан, 2021

Сенаторлар еліміздегі өнеркәсіптің өзекті мәселелерін талқылауды жалғастыруда

163 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары бірнеше министрліктің басшылығымен кездесіп, өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар отандық өнім экспортын ілгерілетуді қамтамасыз ету үшін «Бір терезе» тетіктерін дамытудың маңызын атап өтті. Жиында экспорттық-импорттық операцияларды цифрландырудың қазіргі жағдайы туралы да сөз қозғалды.

Энергетика министрлігі қайта өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік беретін Мұнай және газ химиясын дамытудың ұлттық жобасын әзірлеуді  жоспарлап отыр. Жоба мұнай-химия өнімдерін шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай-химия кластерін құру, одан әрі өңдеуді дамыту мәселелерін шешуге жол ашады.

Парламентшілер ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпкерлерді алаңдатын отырған мәселелерді де көтерді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, мұндай кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекет олардың қолданыстағы зауыттарды жаңғыртуға және жаңаларын салуға бағытталған инвестициялардың шығындарын өтейді. Сонымен қатар, олардың сүт тасымалдаушылар, тоңазытқыштар және басқаларын сатып алуға жұмсайтын шығындарының 25%-на дейін бюджеттен субсидия беріледі.

Сенаторлар мен ұлттық экономика, қаржы, энергетика, сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ білім және ғылым министрліктерінің өкілдері көптеген сұрақтарға жауап берді.

Кездесу «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешімдері» тақырыбы бойынша өтетін Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.