Қайғылы оқиға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на еншілес «Өркен» серіктестігінде орын алған. Өткен дүйсенбі сағат 18:25-те «Millenium BST Group» мердігерлік серіктестігінде жұмыс істейтін Лисаков қаласының 27 жастағы тұрғыны ГМО дақылдарын өндіретін фабрикада жұмысын атқарып жатып, 8 метр биіктен құлап металл сынықтарының үстіне түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпорындағы диспетчер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда сағат 19:40-та қалалық аурухана жұмысшының жедел жәрдем көлігінде ес жимаған күйі көз жұмғанын хабарлайды. Марқұм кәсіпорында 8 ай жұмыс істепті, артында әйелі мен жас баласы қалды.
Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.