• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Солтүстік Қазақстанда аязға байланысты сабақтар тоқтатылды

234 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты sms хабарлама таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 0-12 сынып оқушылары үшін мектепте сабақ тоқтатылды. Олар ауа райына байланысты қашықтан білім алмақ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан sms хабарламада өңірде -31 градусқа дейін аяз болатындығы айтылған.

Өңірде кеше де қатты аязға байланысты 0-9 сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Кеше сынап бағанасы -27-30-ды көрсетті.