• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Атырауда сауналар мен СПА орталықтары түнге дейін жұмыс істейді

224 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап Атыраудағы  сауналар мен СПА орталықтарының түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған.

«Фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып (1 келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады» делінген қаулыда.

Сондай-ақ қаулыға сәйкес, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілеріне алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етілді.