• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Шымкентте сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыратын 10 бағыт қамтылған жол картасы әзірленді

308 рет
көрсетілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XLI конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, партия ардагерлері, Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында жасалынған Жол картасын іске асыру жайы талқыланды.

Шымкент қаласы әкімдігімен әзірленген 5 жылдық Жол картада қаланы дамыту бағдарламасының басымдықтары ескеріліп, тұрғындарды мазалайтын мәселелер бойынша негізгі 10 бағыт айқындалған. Атап айтқанда: тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды, жол және көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру. Әрбір бағытты жүзеге асыру бойынша 149 іс-шара қарастырылған. Бағдарламаны іске асыруға жалпы 5 жылда 1,3 трлн. теңге қаржы қажет екен, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен – 694,5 млрд.теңге, жеке инвесторлардың есебінен –619,4 млрд.теңге.

Жиында сөз алған партияның қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов Жол картаның орындалуы бақылауға алынатынын айтып, қажетті межеге жету үшін қалалық мәслихат депуттатары корпусы және «Nur Otan» партиясының қолдауымен қол жеткізілетінін атап өтті.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, еліміз даму жолында әрбір кезеңде, әрбір уақытта – «Nur Otan» партиясына зор жауапкершілік жүктеліп келеді. Партия басшысы, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың жағдайын жақсарту бойынша бұл жолы да нақты істерді атқару үшін міндеттерді қойып отыр.Біз бұл бағытта тиісті жұмыс жасайтын боламыз. Әкімдік тарапынан атқарылған жұмыстар партияның жиындарында, форумдарда тыңдалып, фракция мен комиссиялармен қадағаланатын болады. Жалпы, біз қазір халықпен етене араласып, өзекті мәселелерді шешуге жұмыс атқаратын боламыз. Шешілмейтін мәселе жоқ.

Дегенмен бүгін шешілмейтін мәселені халыққа егжей-тегжей түсіндіріп, қашан шешілетіндігін айқындап айтуымыз қажет. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болатындығына сенімдімін»,-деді қала әкімі.Конференцияда Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің құрамы бекітілді.