• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Атырауда бір күнде 6 931 ПТР-тест сынамасы тапсырылды

246 рет
көрсетілді

Атырауда ПТР-тест сынамасын тапсыруға ниеттілер қатары көбейе түсті. Мәселен, 9 ақпанда 6 391 сынамасы тапсырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірде 12 ПТР-тест зертханасы жұмыс істеп тұр. Былтырғы наурыздан бері аталған зертханаларда  666 мың ПТР-тест сынамасы жүргізілді.

«Атырау облысында 9 ақпанда 6 931 ПТР-тест тапсырылды. Бұл – пандемия басталғалы бері елімізде бір тәулікте тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін тәуліктік жоғары көрсеткіш биылғы 6 қаңтарда тіркелген еді. Сол кезде 6 081 сынама алынды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен