• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 11 Ақпан, 2021

Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр эстафетасына қатысты

573 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Автограф» атты өлеңін оқып, челленджге үн қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елімізде ақын өлеңдерін оқудан жыр эстафетасы өтіп жатқаны белгілі. Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева эстафета кезегін көрнекті мемлекет қайраткері, сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жолдаған еді. Осыған орай Мұхтар Абрарұлы ақиық ақынның «Автограф» атты өлеңін оқып, челленджге үн қосты. Мұхтар Құл-Мұхаммед ақын өлеңін оқу кезегін Сенат депутаты, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш генерал Сәуле Айтпаеваға жолдады.