Қазақта бұрыннан: «Бай болған бақырып бола ма?» деген сөз бар. Ал бүгінгі Ақтаудағы бастықтар сол бақыруға балағатты қосып жібереді екен. Ал екеуі қосылып кеп кеткенде, оның алдында отырған қарауындағы жұмысшылары ғана емес, кәрі Каспийдің өзі тітіркеніп кетеді деседі. Міне, осылайша үстеріне әңгіртаяқ ойнай беруінен әбден зәрезап болған қаладағы сондай мекемелердің бірі – коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері ақыры тәуекелге барып, бастықтарының үстінен прокуратураға шағыныпты.

«Ақтауда коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы қарамағындағыларға күн көрсетпей, бас-көз демей балағаттайды екен. Одан әбден мезі болған қызметкерлер ақыры прокуратураға шағым түсіріпті. Айтуларынша, Сағынғали Амангелдиев мемлекеттік қызметкердің ар-намысын аяққа таптап, бөлімдегілермен боқтап қана сөйлескен», деп хабарлады осыған орай КТК арнасы.
Бір қызығы, шілтірейген шенеуніктің шектен шығып кеткеніне прокурорлардың да көздері бірден жетіпті. С.Амангелдиев прокуратура қызметкерлері келіп отырған кезде-ақ қызметкерлерін бас салып сыбап алып, ұялы телефонын лақтырған екен. Бөлім жетекшісіне кейін қатаң сөгіс жарияланады.
Алайда, басу көрмеген бақырауық басшы ешқашан әдептен асқан емеспін деп бет бақтырмай отырған көрінеді.
Мұрат АЙТҚОЖА.