• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Білім 12 Ақпан, 2021

Еліміздің солтүстігінде аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

302 рет
көрсетілді

Павлодар облысының бірнеше ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында үскірік аязға байланысты оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Петропавлда 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Өйткені қалада термометр бағаны 27 градустан төмендеді. Өңірде бірнеше күннен бері аяз күйшеіп тұр.

Сондай-ақ Павлодар облысында аязға байланысты сабақтар уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда Ақсу мен Ертіс қалаларында және Аққулы мен Май ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар Железинск және Шербақты аудандарында 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарының 1-11 сынып оқушылары үшін де сабақ онлайн өтеді.