• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Ақпан, 2021

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады

243 рет
көрсетілді

Синоптиктер 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысып жатыр. Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы жоғарылайды. Сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болады. Соның салдарынан жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.