• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2021

Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 386,4 млрд теңге аударылды

136 рет
көрсетілді

2021 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 109 900 өтініш  түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы сомасы 386,4 млрд теңгеден асатын 71 200 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асатын соманы құрады.      

21,7 млрд теңгеден аса сомаға 3 988 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде.  

Үкімет қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру» қағидаларына сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-бабына сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі оқиғаның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуынан кейінгі келесі күні басталатынын атап өткен жөн.  

2021 жылғы 25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 34 712 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомадан асып кетуі болып табылады. Өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы БЖЗҚ бұған дейін егжей-тегжейлі баяндаған болатын.  

Егер қандай да бір себептермен салымшының өтініші қабылданбаған болса, оларды жойып,  жеткіліктілік шегінен асатын сома болған жағдайда, өтінішті шексіз рет беруге болады.