• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

24 сағат

283 рет
көрсетілді

*Сирияның Алеппо қа­ласында тоғыз күнде бомбалау салдарынан 330-дан астам адам опат болған. Олар­дың 99-ы ба­лалар болса, 30 шақтысы әйелдер және 30 шақтысы бү­лікшілер көрінеді. Сирия пре­зиденті Башар Асадтың әскерлері оппозиция басып­ алған Алеппо қаласын 15 жел­тоқсаннан бері бомбалау­ үстінде. Бұл мәліметтерді «Франс-пресс» агенттігі таратты.

*Сирияның Алеппо қа­ласында тоғыз күнде бомбалау салдарынан 330-дан астам адам опат болған. Олар­дың 99-ы ба­лалар болса, 30 шақтысы әйелдер және 30 шақтысы бү­лікшілер көрінеді. Сирия пре­зиденті Башар Асадтың әскерлері оппозиция басып­ алған Алеппо қаласын 15 жел­тоқсаннан бері бомбалау­ үстінде. Бұл мәліметтерді «Франс-пресс» агенттігі таратты.

*Бұрнағы күні 95 жасқа қараған шағында атақты АК-47 автоматын жасап шығарған Михаил Калашников өмірден озды. Оны жерлеу рәсімі 26 желтоқсан күні Ижевск қаласында өтеді. Бұл туралы Удмуртия президенті Виктор Чулковтың баспасөз хатшысы хабарлады. 1947 жылдан бері әлемде АК автоматының түрлі модификациядағы 70 миллионнан астам данасы шығарылыпты.

*Америкалық Эдвард Сноуден өзінің алдына қойған миссиясы орындалды деп есептейді. АҚШ-тың арнайы қызметтерінің жағымсыз іс-әрекетін жария еткен бұрынғы барлау басқармасының қыз­меткері бұл туралы «Ва­шинг­тон пост» газетіне берген сұх­батында мәлімдеген. Оның айтқандары АҚШ-та ғана емес, шетелдерде де үлкен резонанс туғызған болатын.

*Ресейдің стратегиялық бағыттағы зымыран әскерлері «Плесецк» космодромында  РС-24 «Ярс» деп аталатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.  Үш сатылы аталған зымыран «Тополь-М» зымыранының базасында жасалыпты. «Ярс» 11 мың шақырым қашықтықтағы нысананы жоюға қабілетті көрінеді. Оның басқа мүмкіндіктері құпияда ұсталуда.

*Мысыр үкіметінің бас­­шысы Хазем әл-Беблави «Мұ­сылман-бауырлар» қоз­ға­­лысын террорлық ұй­ым­ деп жариялады. Ол бұл мәлім­де­месін Мансура қала­сында аталған қозғалыс жүзеге асыр­ған лаңкестік әрекеттен соң іле-шала жасады. Лаңкес­тік­тен 14 адам қаза тапса, 100-ден астамы жараланған бо­ла­тын. Ал лаңкестікке жауап­кер­шілікті әзірше елдегі ешбір экс­тремистік ұйым мойнына алған жоқ.

*Ұлыбританияда қатты дауылдан кем дегенде 3 адам қаза тапқан. Біреуі желдің екпініне шыдамай өзенге құлап мерт болса, біреуі тосын табиғат туындатқан жол апатынан көз жұмған. Ал соңғысының қаза болу себебі нақты айтылмайды. Рождество қарсаңында үйлеріне асыққандар әуежай­лар­да қамалып отыр. Мұндай тосын жағдай Франция жаға­лауларында да орын алуда.

*Оңтүстік Судан прези­денті Сальва Каираның мәлім­деуінше, елде бұрынғы вице-президент Риек Мачардың жақ­тастары әскери төңке­ріс ұйымдастыруға әрекетте­ніп жатыр. Осы орайдағы қақ­тығыстар елде 16 желтоқсанда басталған еді. Бүгінде 45 мың тұрғын босқынға айналған.  Қазіргі кезде Оңтүстік Судан­да  БҰҰ-ның 7 мыңдай бітім­гершілері орналасса, бас Ұйым шешімімен жақында тағы 5,5 мың бітімгерші жіберілмек болып отыр.

*Украина президенті Виктор Янукович 21 қарашада Киевте ұсталған наразылық акциясына қатысушылардың бәрін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататын заңға қол қойды. Наразылық акциялары Киевте күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Бірақ оның ауқымы айтарлықтай тарылған. Қазіргі кезде көшеге шыққан көпшілік жаңа жыл мейрамын қарсы алу қамымен жүргенге ұқсайды.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді. 

Соңғы жаңалықтар