• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2021

Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

129 рет
көрсетілді

12 ақпанда ҚР ТЖ министрлігінде ТЖ министрі Ю. В. Ильиннің төрағалығымен «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы» күн тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс бейнеселекторлық режимде өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, сонымен қатар комиссия мүшелері қатысты.

Отырыста ТЖ, экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Казгидромет басшылары мен өкілдері сөз сөйледі. Қаралған мәселелер бойынша бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында (алдын алу шараларының кешені, Жол картасын іске асыру) соңғы екі жылдағы су тасқыны кезеңі тұрақты өткендігін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, су басу қаупі 276 (30,5%) елді мекен үшін (халқының саны 270 мың адамнан асатын) сақталады.

Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі Жол картасын іске асыру аяқталды (2017-2020 жылдар), ол 315 (34,8%) елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етуге және 314 (34,7%) ауыл мен кент үшін қауіпті төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, төрт жыл ішінде бөгеттер мен біліктерді салу, қорғаныс құрылыстарын жөндеу, су тасқыны қаупі бар өзендердің жағалау сызығын нығайту бойынша жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, төрт жүзден астам инженерлік-қорғау іс-шаралары орындалды. 2023 жылға дейін су тасқынына қарсы іс-шаралардың жаңа Жол картасы бекітілді.

Қазіргі уақытта өңірлерде көктемгі су тасқынына дайындық аясында елді мекендерден қарды шығару, арықтарды, автомобиль және Теміржол су өткізу құрылыстарын тазалау жалғасуда, қауіпті учаскелерде инженерлік жұмыстары жүргізілуде. Инертті, жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Құрамында 40 мыңнан астам адам, 13 мың бірлік техника бар құрылымдар анықталды. Шұғыл шығындарға төтенше резервтер дайындалды, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала салынды.

Аса ірі 60 су қоймасының (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) толтырылуына апта сайын мониторинг жүргізіледі.

Республикалық деңгейде авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер, 1 880 бірлік техника. ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әрқайсысы мың адамға арналған 3 шатырлы лагерь дайындалған. Халықты хабардар ету мәселелері пысықталды.

Наурыз айының басында су тасқынына неғұрлым бейім өңірде (Павлодар қ.) «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, ол азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ағымдағы жылғы су тасқынын қауіпсіз өткізуге дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша су тасқыны кезеңіндегі ТЖ туындауын азайту және адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша алдын ала шаралар қабылдау ұсынылды. Комиссия отырысының соңында хаттамалық шешім қабылданды.