• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Ақпан, 2021

Әлішер Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

754 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.