Астанадағы Каспий банкке кіріп барсам, Голливудтың актері Антонио Бандерасты емешегі құрып, көзін жұмып алып, құшақтап тұрған қазақтың сары қарын бәйбішесінің суретін көргенде, тұла-бойым шымырлап кетті. Неткен сорлылық?! Қашанғы қазақ қызын өзгелерге тегіннен-тегін олжа ете береміз. Қазақтың дүниетанымына томпақ, санасына өте ауыр тиетін көрініс.

Ұлттың ары мен намысы қайда кетті? Кезінде жеңіліс тапқан елдің қызын қатындыққа алып, солай ұлтын қорлайтын болған. Өзгелерге қыз беру – ол да бір жеңілістің белгісі. Көшпелілер ұғымында қорлаудың түрі, кек алудың, масқаралаудың ең үлкен шыңы – қызын қорлау болатын. Қазіргі қазақтың қызы сол қорлаудың объектісіне айналғандай. Қазақтың намысын таптаған осындай сорақы жарнамалар кейінгі уақытта қаптап барады. Неге басқалар А.Бандерасты елдеріне шақырып, қыздарын құшақтатып суретке түсіріп жарнама жасамайды, әйтпесе, қолдарынан келеді ғой. Себебі, мерейі үстем ел төмендегісі жоқ. Ондай жағдай олардың өңі түгілі, түсіне кірмейді. Ал, біз болсақ, Ыбырай Алтынсарин айтпақшы, «ақ пен қараны айыра алмай қалдық».
Жұмамұрат ШӘМШІ,
тарих ғылымдарының кандидаты.