• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2021

Қолдан арақ жасап сатқан «іскер» ұсталды

311 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де ақпанның 9-нан 12-сі аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Оның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу. Полицейлер профилактикалық есептерде тұрған адамдарды тексеріп, құқық бұзушылықтарды жасауға бейім тұлғаларды анықтады.

Осы операцияның барысында Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Саумалкөл тұрғынының гаражынан бес литрлік 125 бөтелкеге құйылып, сатуға дайындап қойған құрамында 625 спирті бар өнімді тәркіледі. Учаскелік полиция инспекторлары ешқайда жұмыс істемейтін 41 жастағы ер адамның осылай сумен араластырылған спіртті арақ орнына сатып келгенін анықтады. Заңсыз алкоголь алынып, сараптамаға жіберілді, кәсіпкерлікпен заңсыз айналасқаны үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастырылып, сотқа жіберілді.

​Іс-шараның үш күнінде алкогольдік өнімдердісату заңнамасы талаптарының барлығы 14 бұзушылығы анықталды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 38 фактісі тіркелді, олардың 7-сі үй-үйді аралау кезінде анықталды. Жалпы 530 құқық бұзушылық тіркелді.