• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2021

Қазақстанға Дубай – Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус табылды

141 рет
көрсетілді

12 ақпан күні Қазақстанға Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz

1 945 жолаушының ішінде 1 639 адам ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, анықтамасыз 306 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарынларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

2021 жылдың 11 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.