Атырау облысында 12 күнде вакцина алған адамдардың саны 1000-ға жуықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-12 ақпан аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.
«Оның ішінде аудандардағы емдеу мекемелерінің 273 қызметкері бар. Қалғаны – Атырау қаласында екпе алғандар. Вакцина алған медицина мамандары өздерін жақсы сезінеді. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Қазір қауіпті вирусқа қарсы вакцина арнайы ашылған 24 орында салынады.