• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда МӘМС аясында 100-ден астам мекеме қызмет көрсетеді

723 рет
көрсетілді

Медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров қалада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша қызмет көрсететін 107 медицина мекемесімен келісімшарт жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«МӘМС жүйесінде төлем жасаған әрбір азамат қажетіне қарай ем ала алады. Сондай-ақ, пациенттер үшін құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де тегін ұсынылады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі бағыт бойынша көрсетіледі. Ол алдымен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі», дейді директор.

Директордың айтуынша, елордада медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғасады.

«Биыл Медициналық сақтандыру қоры арқылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалды. Астаналықтарға МӘМС аясында медициналық қызмет көрсететін бұл мекемелердің 32-і – мемлекеттік, 67-сі – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымы. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 36, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 29, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 78 және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуші – 12 медициналық мекеме бар», дейді ол.

Одан бөлек, филиал басшысы пациенттің медициналық сақтандыруы болмағанның өзінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы медициналық қызметтерді тегін алу мүмкіндігі барын айтты.