• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Ақпан, 2021

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1423 рет
көрсетілді

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы, экономист.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №156 орта мектепте бастады. 2001 жылдан бастап Ермек Алпысов мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008-2012 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 2012-2015 жылдары Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Ал Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әлішер Әбдіқадыров қайта тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды. Ол Ұлттық экономика вице-министрі болды.