Қазақстан аумағына шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Өткен тәулікте Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 328 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 557 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген барлық 342 Қазақстан азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.