• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Олимпия алауы Тольяттиден Самараға жіберілді

245 рет
көрсетілді

Олимпия алауы Ресейдің автокөлік өндірумен танымалы Тольятти қаласынан Самараға жіберілді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Тольятти Самара облысындағы Олимпия алауын қабылдаған екінші қала болып отыр. Мұндағы 26 шақырымға созылған қашықтықта Олимпия алауын 130 адам алып жүрді. Қалың жауған қарға қарамастан мыңдаған қала тұрғыны көшеге шығып эстафетаны тамашалады. Бірінші болып Олимпия алауын алып жүру мәртебесі шаңғы жарысы бойынша бұрынғы әлем және Еуропа чемпионы Анатолий Ивановқа бұйырды. Ол алауды Бостандық алаңынан қала әкімшілігі ғимаратына дейін алып келді.

Тольяттидегі Олимпия алауының эстафетасы екі кезеңге бөлінді. Оған қатысушылардың бірі Даниил Иванов алауды мотоцикліне қыстырып, Анатолий Степанов атындағы спорттық-техникалық кешені ішінде мұздың үстімен алып жүрді.

Тольяттидегі Олимпия тостағанын «Лада-Арена» мұз алаңында қала басшысы Сергей Андреев пен спорттық гимнастикадан төрт дүркін Олимпиада чемпионы Алексей Немов жақты. Шамамен алты сағатқа созылған спорттық шараның Тольяттидегі кезеңі осылайша аяқталды. Облыстың мыңдаған тұрғыны тарихи оқиғаның куәгері болды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз:Itar-tass.com

Фото: Blogspot.com

Соңғы жаңалықтар