• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Ақпан, 2021

Елордада екі күн қатарынан той өткізгендер жауапқа тартылды

301 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті өткен демалыс күндері қалада карантин талаптарын бұзған 10 нысанды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қалалық Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің өкілдері, полиция қызметкерлері бар мобильді топ карантин шараларының сақталуын қадағалау үшін жүзден астам кәсіпкерлік субъектісін тексеріп шыққан.

Нәтижесінде, карантин режімін бұзған мейрамхана, дәмхана-бар, дүкен сынды 10 нысанды анықтаған.

«Атап айтқанда, Балқантау көшесі бойындағы «Бақсарай» мейрамханасын тексеру барысында екі күн қатарынан 50 жасқа толу мерейтойы мен үйлену тойының өткені анықталды. Бірінші күні қолданыстағы тыйымға қарамастан, мейрамхана залы қонақтарға лық толы болған және карантин шаралары сақталмаған. 80-нен астам қонақ ән салып, би билеп, шектеулерді елемей көңіл көтерген. Екінші күні де дәл осы жерде үйлену тойы өтіп жатқан. Мобильді топ келгеннен кейін тойға жиналғандар тез арада тарап кетті» делінген департамент ақпаратында.

Шектеу шараларын бұзғандардың үстінен материал жинақталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен оларды жауапқа тарту үшін қалалық Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментіне жіберілді.