Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын Ерболат Умаров атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Ерболат Болатжанұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген. Екі шет тілін меңгерген халықаралық құқық маманы.
Еңбек жолын 2001 жылы заңгер болып бастады. 2005 жылдан бері сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. 2009-2013 жылдары Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2015 жылдары Мақат ауданының әкімі болған.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымын атқарып келді.