• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Ақпан, 2021

Елімізде 16,8 мың медицина қызметкері вакциналанған

167 рет
көрсетілді

Қазақстанда 16,8 мың медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакциналанды.

«2021 жылдың 1-14 ақпаны аралығында 16 801 медицина қызметкері екпе алды. Вакциналау барлық өңірде басталды, 778 егу пунктері әзірленген. Оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс жасауда. Барлық пунктер суықтық тізбекті қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды», делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратында.