Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы орталығының тұрғындары беймезгіл кезде гүрс-гүрс етіп атылған мылтық дауысынан шошып кетті. Оны істеп жүрген Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны болып шықты. Отбасылық жанжалдан туған ашудан ол тіркелмеген аңшы мылтығымен бірнеше рет оқ атқан. Абырой болғанда туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Полиция қызметкерлері жедел келген кезде, ол қаруды алып оқиға орнынан жасырынған. Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оны қала көшелерінің бірінен ұстады. Қардан 16 калибрлі аңшы мылтығы, ұңғыдан 1 патрон табылды. Оқиға орнын тексерген кезде 3 патрон мен 3 атылған гильза шықты.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы - «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабы – «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалыпты.
Солтүстік Қазақстан облысы