• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілдері жұмыстарын қорытындылады

231 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы мемлекеттік органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен онлайн режімде дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова хабардар етті, оның айтуынша есептік кезеңде 554 адамға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмек көрсетілгенін, 172 азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылғанын, 11 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілгенін атап өтті. Моральдық психологиялық ахуалдың жай-күйін зерделеу мақсатында 3000-нан астам мемлекеттік қызметшіні қамти отырып, бірнеше рет жасырын сауалнама жүргізілді.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиев мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, оның ақпараты бойынша, Департамент жұмысындағы маңызды басымдықтардың бірі азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша 30-дан астам азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

«Әдеп жөніндегі уәкілдер өздеріне жүктелген функциялармен шектелмей, өздерінің жеке қарым - қатынастарымен ұжымда қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етеді, олардың көпшілігі өз әріптестері үшін тәлімгер, психолог, медиатор рөлін атқарады» - деп атап өтті іс-шараға қатысушылар.

Бүгінгі таңда мәдени мұра мәдениетті арттыруда, этикалық қағидаттар мен нормаларды қалыптастыруда, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жағымды моральдық-психологиялық бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты аталған іс-шараға Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Гүлім Рахымжанова шақырылып, «Тарихи – мәдени мұра-халық игілігі» тақырыбында баяндама жасады.