• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Атыраулық ұстаздар ағартушыға арналған челлендж ұйымдастырды

609 рет
көрсетілді

Атырау облысының мұғалімдері қазақтың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай челлендж ұйымдастырып, нақыл сөздерін оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мақсат – Ыбырай Алтынсаринның ұрпақ тәрбиесіне ықпалы тиер өнеге мен білімге арналған нақыл сөздерін насихаттау.

Мұғалімдер челленджіне облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев та қатысты. Ол челленджді Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаевға жолдады.

«Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай ұлы ұстаз ұлағатын ұрпақ жадында жаңғырту мақсатындағы челленджді Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваға жолдаймын» дейді Сатқан Есенғалиев.