• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2013

Ескерткіш монеталардың барлық қырлары

380 рет
көрсетілді

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайы қазақстандықтарды, әсіресе, отандық және шетелдік нумизматтарды жаңа ескерткіш монеталарымен қуантуда. Қазақстандық ұлттық валюта үшін мерейтойлық 2013 жылы 18 жаңа монета айналысқа шығарылды

Олар түрлі даталар мен оқиғаларға арналды. Олар дәстүрлі түрде «жаңа піскен бәліштей» әр коллекцияға, оның ішінде шетелдік коллекцияларға да таралып кетті. Керемет дизайны мен жоғары дәрежедегі соғылу сапасының арқасында отандық монеталар халықаралық деңгейде зор жетістіктерге жетті. Ескерткіш, коллекциялық монеталардың кейбір шығарылымының не шетелдік компаниялардың тапсырысымен, не көп бөлігі шетелде сатылатын таралыммен шығарылатындығы таңғаларлық жай емес. Бұл факт, бір жағынан, Қазақстанда коллекционерлердің көп еместігін білдірсе, екінші жағынан, Қазақстан Теңге сарайы нумизматтар үшін өте тартымды, шын мәніндегі теңдесіз монета туындыларын жасай отырып, жаңа технологияларды қолданудан қаймықпайтындығы мақтанарлық жағдай. Сирек кездесетін металдарды, асыл тастарды пайдалану, дизайнерлердің ұшқыр шығармашылығын үйлестіре отырып, көркем соғу отандық монеталарды әлемдік даңққа жеткізді. Халықаралық беделді наградалардың коллекциясы – соның бір айғағы. Шектеулі таралыммен және бір рет шығарылатын мұндай сирек монеталар тамаша сыйлық, жақсы инвестиция болып табылады, себебі, олардың құны жыл өткен сайын өседі. Коллекционерлер мұны жақсы біледі. Жаңа жыл қарсаңында біз осы коллекциялық, ескерткіш монеталардың қасиеттері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті директорының орынбасары Андрей БАЛАХМЕТОВПЕН әңгімелескен едік.

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайы қазақстандықтарды, әсіресе, отандық және шетелдік нумизматтарды жаңа ескерткіш монеталарымен қуантуда. Қазақстандық ұлттық валюта үшін мерейтойлық 2013 жылы 18 жаңа монета айналысқа шығарылды

Олар түрлі даталар мен оқиғаларға арналды. Олар дәстүрлі түрде «жаңа піскен бәліштей» әр коллекцияға, оның ішінде шетелдік коллекцияларға да таралып кетті. Керемет дизайны мен жоғары дәрежедегі соғылу сапасының арқасында отандық монеталар халықаралық деңгейде зор жетістіктерге жетті. Ескерткіш, коллекциялық монеталардың кейбір шығарылымының не шетелдік компаниялардың тапсырысымен, не көп бөлігі шетелде сатылатын таралыммен шығарылатындығы таңғаларлық жай емес. Бұл факт, бір жағынан, Қазақстанда коллекционерлердің көп еместігін білдірсе, екінші жағынан, Қазақстан Теңге сарайы нумизматтар үшін өте тартымды, шын мәніндегі теңдесіз монета туындыларын жасай отырып, жаңа технологияларды қолданудан қаймықпайтындығы мақтанарлық жағдай. Сирек кездесетін металдарды, асыл тастарды пайдалану, дизайнерлердің ұшқыр шығармашылығын үйлестіре отырып, көркем соғу отандық монеталарды әлемдік даңққа жеткізді. Халықаралық беделді наградалардың коллекциясы – соның бір айғағы. Шектеулі таралыммен және бір рет шығарылатын мұндай сирек монеталар тамаша сыйлық, жақсы инвестиция болып табылады, себебі, олардың құны жыл өткен сайын өседі. Коллекционерлер мұны жақсы біледі. Жаңа жыл қарсаңында біз осы коллекциялық, ескерткіш монеталардың қасиеттері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті директорының орынбасары Андрей БАЛАХМЕТОВПЕН әңгімелескен едік.

Сыйлық

– Андрей Александрович, Жаңа жыл жақындап келеді, адамдар сыйлық таңдауда, бірақ, бағалы металдардан жасал­ған ескерткіш монеталарды, мысалы, Зодиак белгілеріне, Шығыс күн­тізбесіне арналған монеталарды сатып ала отырып, сыйлық – инвестиция жасай­тындығын біреу білсе, біреу біле бермейді. Мұндай сериялар бар ма?

– Мұндай монеталар расында да сыйлық – инвестиция бола алады, себебі, олардың көркемдік, сол сияқты инвестициялық құндылығы жоғары. Оның үстіне, құндылығы артпаса, кемімейді. Ұлттық Банк ондай монеталарды шығарады: әрбір Жаңа жыл қарсаңында «Шығыс күнтізбесі» сериясы Шығыс күнтізбесі бойынша келетін жылға қарай дизайнмен, алтыннан және күмістен жасалған жаңа ескерткіш монеталармен толықтырылады. Мәселен, желтоқсанның басында алтыннан және күмістен жасалған «Жылқы жылы» ескерткіш монеталарының шығарылғанын көптеген адамдар біледі. Әрбір ниет білдірген адам өзінің туған-туысына Жаңа жылда осындай сыйлық алып бере алады. Бұл «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясын жалғастыратын, «proof» сапалы монеталардың төртінші жұбы екендігін айтып өткім келеді. Бұған дейін «Қоян», «Ұлу», «Жылан» жылдарына арналған монеталар соғылған болатын.

 Жаңа монеталар бет және сырт жақтарындағы бейнелері бірдей етіп, 500 теңгелік номиналмен он екі қырлы нысанда соғылған. Монеталардың аверсінде орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар шоғырының мифологиялық нышандары, ал сырт жағында 2014 жылдың нышаны болып табылатын жылқының бейнесі бейнеленген.

 Басқа сериялардың монеталары сияқты, бұл ескерткіш монеталарды Ұлт­тық Банктің барлық филиалдарынан сатып алуға болады. Монеталардың бар-жоқтығы туралы ақпаратты ҚР ҰБ сайтынан «Ұлттық валюта» бөлімінің «Ұлттық Банктің филиалдарында сатылатын бағалы металдардан жасалған монеталар» қосымшасынан алуға болады. Бірақ олардың таралымының шектеулі екендігін есте сақтау қажет. Атап айтқанда, «Жылқы жылы» күміс монетасы 5 мың дана таралыммен шығарылды; онымен аттас алтын монетаның таралымы – 3 мың дана. Олардың барлығы сақталуын қамтамасыз ететін кәде-сыйлық орауына салынған, ҚР ҰБ-ның мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлі сапа сертификатымен қамтамасыз етілген.

– Ұлттық Банк тағы қандай серияларды шығарды және олардың нумиз­мат­тар арасындағы танымалдығы қан­дай?

– Коллекциялық монеталарды дайындау сапасының жоғары болуы және бірқатар сәтті дизайндар коллекционерлер, жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер арасында монеталарды үлкен тобымен де, жекелеп те сатып алуға деген белгілі бір қызығушылықты туындатады. Нумизматтар арасында «Көшпенділер алтыны» деп аталатын серия ерекше танымал. «Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы»; Қазақстанның жойылып бара жатқан жануарларына арналған «Қазақстанның Қызыл кітабы»; «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» деп аталатын, яғни ел, халықтың тарихы мен тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайтын се­риялардың күміс монеталары да танымал. Бұл – ескерткіш монеталардың ма­ңызды миссиясы. «Ұлы қолбасшылар», «Қа­зақстан флорасы мен фаунасы» сериялары да жоғары халықаралық сұранысқа ие.

Ел елшісі

– Коллекциялық монеталардың шы­ғары­латындығы туралы қанша­лықты хабар оқысам, оның бір бөлі­гі­нің көбіне шетелде сату үшін шыға­рылатындығына соншалықты көңіл аударамын. Бұл немен байланысты: бізде нумизматтар, коллекционерлер жоқ па әлде отандық сұраныстан жоғары болатындай біздің монеталар шетелде өте танымал ма?

– Басқа кез келген елдегідей Қазақстанда да нумизматтар мен коллекционерлер бар және коллекциялық монеталардың көп бөлігі Қазақстан нарығында, ең алдымен, солар үшін сатылады. Қазақстан Теңге сарайы шығарған монеталар мамандар мен коллекционерлер арасында үлкен қызығушылық тудырады, монеталардың сапасы Монета сарайларының беделді көрмелерінде жоғары бағалануда. Қазақ­стан Теңге сарайы халықаралық монета бағдарламаларына жиі қатысып, Қазақстан монеталарының шетелдік нарықтардағы танымалдығын көтеруде және сонымен қатар, басқа орталық банктерден монеталар дайындауға тапсырыстар қабылдайды.

– Коллекциялық, ескерткіш, ин­вести­циялық монеталардың ара­сын­дағы айыр­ма­шылықты оқыр­мандарға түсін­діріп өтсек.

– Инвестициялық монеталар – бұл ұлттық валютаның инвестициялау объек­тісі, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталары. Оларға «Жібек жолы», «Ал­тын барыс» және «Күміс барыс» сияқ­ты сериялардың монеталары жатады.

Коллекциялық монеталар – бұл ұлттық валютаның арнайы соғылған, дайындау кезінде монеталарға коллекциялау үшін белгілі бір қызығушылық тудыру үшін ерекше қасиет беретін күрделі соғу технологиялары мен көркемдік безендіру әдістері қолданылатын мерейтойлық, ескерткіш және өзге монеталар. Коллекциялық монеталар бағалы және бағалы емес металдардан жасалады. Бағалы металдар құнының инвестициялық өсуінен басқа коллекциялық монетаның нумизматикалық немесе тарихи құндылығы болады, ол монетаның таралымы, оның дизайны, тақырыбы, шығарылған кезден бергі өткен уақыты және жасалуының жоғары сапасы сияқты факторлармен айқындалады. Оларға қазақстандық сериялардың ішінде «Көшпенділер алтыны», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Ғарыш», «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» және басқалары жатады.

Жүлдегерлер

– Қазақстанның монеталары түрлі халықаралық конкурстарда талай марапаттар алып жүр. Жүлделер коллек­циясы да қомақты болар, санаған жоқ­сыздар ма?

– Расында да, Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайының ең алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануының және дайындау сапасының жоғары болуының арқасында біздің банкноттарымыз бен монеталарымыз беделді көрмелер мен түрлі конкурстарда лайықты бағасын алуда. Бұл салаға біз жаңадан келдік, өзге Монета сарайлары монеталарын ғасырлар бойы соғуда.

Мәселен, 2007 жылы біздің монеталарымыз монета өнімдерінің 16 елден 39 монетасы қатысқан «Vicenza Numismatica халықаралық жүлдесі» (Италия) конкурсына қатысты. Бұл маңызды нумизматикалық конкурс Монета сарайлары немесе мем­лекеттік әкімдіктер соққан ең әдемі монетаны марапаттайды. Бірінші жүлде монетаның эстетикалық аспектілері мен беретін мағынасы үшін беріледі, Ұлттық Банк бұл конкурста «Ғарыш» монетасымен жеңіске жетті.

 Қазақстанның «Көшпенділер алтыны» сериясындағы «Шабандоз» монетасы «Жылдың күміс монетасы» номинациясында жеңіске жетті. «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясындағы «Регель қызғалдағы» «Монета – ең жақсы сыйлық» номинациясында жеңіп шықты, сол монета «Монета жұлдыздары – 2007» ТМД және Балтық елдерінің ең үздік монетасы конкурсында көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.

2009 жылы ҚР Ұлттық Банкі монета өнімінің «Vicenza Numismatica» Халықаралық жүлдесі» (Италия) конкурс­тарында және «Монета жұлдыздары – 2009» ескерткіш монеталардың халықаралық конкурсына (Ресей) қатысты. ҚР Ұлттық Банкінің «Диадема бөлігі» ескерткіш күміс монетасы «Бірегей идеялық шешім» номинациясында II орын алды және «Монета жұлдыздары – 2009» ескерткіш монеталардың үшінші халықаралық конкурсында қазылар алқасының шешімімен тиісті дипломмен марапатталды.

«Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы 2009 жылы Италияда монетаның бет жағы сырт жағындағы Шыңғыс ханның айқын бейнесімен үйлесімді жасалған көркемдігі үшін екінші орынға ие болды. Қазылар алқасының шешімімен монета «Vicenza Numismatica» жүлдесімен марапатталды, ал 2010 жылы Берлиндегі Дүниежүзілік ақша көрмесінде «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» номинациясында «Жыл монетасы 2010» марапатын алды.

2012 жылы ҚР Ұлттық Банкі тағы да монета өнімінің «Vicenza Numismatica» халықаралық конкурсына (Италия) қатысты. «Ғарыш» монеталар сериясынан «Тұңғыш ғарышкер» ескерткіш күміс монетасы «Ерекше пікір» номинациясында жеңімпаз атанды.

2013 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеуде «Монета жұлдыздары – 2013» ескерткіш монеталардың жетінші халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дип­ломанттарын марапаттау рәсімі өтті. «Жыл монетасы» номинациясында үшін­ші орынды ҚР Ұлттық Банкі ұсынған, алтындатылған «Тамғалы Петроглифтері» күміс монетасы иеленді. Ұйымдастыру комитеті «Республика игілігі» монеталар сериясы үшін Ұлттық Банкке арнайы жүлде тапсырды. Бұл серияға төрт монета кіреді: «Есік көсемі», «Байқоңыр» және «Тамғалы Петроглифтері» екі күміс монетасы.

2013 жылғы қарашада «Vicenza Numismatica» 10-халықаралық конкурсында «Байқоңыр» күміс монетасы 2012 жылы соғылған әлемдегі ең үздік монета ретінде II орынға ие болды. «Байқоңыр» монетасы символдық объектілерді өзіндік тұрғыдан ойластырғаны және жоғары технологиялық өндірісте бірегей қолданылатын күміс пен тантал металдарының үйлесімділігі үшін таңдалып алынды. Бұл монета ғарышты зерттеудегі және әлемдегі ең әйгілі ғарыш алаңдарының бірі – «Байқоңыр» ғарыш айлағының аса маңызды жетістіктерін көрсетеді.

Инвестиция

– Монета инвестиция ретінде. Бұл қазіргі заманымызда өте құнды ерекше­лік шығар. Ұлттық Банк нарықтағы қазақстандық монеталар құнының өзгеруін қадағалай ма?

– Коллекциялық монеталар құнының бірнеше қыры бар: тарихи, көркемдік, антикварлық қырлары және металдың құны. Біз соңғы сипаттамасы туралы айта аламыз, оған, әрине, Ұлттық Банк мониторинг жүргізеді. Инвестициялық монеталарды сату құнының өзгеретінін және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA – www.lbma.org.uk) таңертеңгі фиксингі бойынша белгіленген тиісті металдардың ағымдағы нарықтық бағасына және дайындауға жұмсалған нақты шығындарға қарай күн сайын белгіленетінін естеріңізге сала кетейін. Инвестициялық монеталардың бағасы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің кез келген филиалынан алуға болады. Бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу құнының есебі LBMA химиялық таза бағалы металдың бір трой унциясы үшін белгілеген тиісті бағалы металдардың АҚШ долларындағы таңертеңгі фиксингіне және KASE-тің негізгі сессиясында қалыптасқан теңгенің долларға қатысты орташа алынған биржалық бағамына қарай айқындалады.

– Монеталарға салынған инвести­циялардың кірістілігін нарық ұсы­нып отырған басқа құралдармен салыс­тыруға бола ма?

– Бағалы металдардан жасалған коллекциялық немесе инвестициялық монеталарды сатып алу – жоғары тәуекелді инвестициялау құралдарының бірі. Сондықтан оларды нарық ұсынып отырған инвестициялаудың басқа түрлерімен салыс­тыру мүмкін емес. Ұсынылған нарықтық құралдар, мысалы, депозит бо­йынша, алдын ала барлық шарттар белгілі болады, яғни, белгілі бір уақытта белгілі бір пайызбен инвестициялық пайда алуға болады. Ал монеталарға келсек, оларды сатып алу құны металдың бағасы және сатып алу сәтінде қалыптасқан теңгенің шетел валютасына бағамы бойынша қалыптасады. Монеталарды нумизматикалық нарықта сатуға болады. Алайда, бұл нарықтың да болжанбайтынын және реттеуге келмейтінін ескерген жөн. Ондағы бағалар да басым түрде металдың бағасы бойынша емес, өзге өлшемдер бойынша айқындалады.

– Тоғышар қоятын сұрақ: монетаны кезінде сатып алдым, ақшам жұмсалды, оны бес жылдай өзімде ұстадым, енді ақша керек болып тұр, монетамды қайда және қандай бағамен сатуға болады: монетада көрсетілген номинал бойынша ма, нарықтық құны бойынша ма әлде металдың құны бойынша ма?

– ҚР Ұлттық Банкі филиалдары монета дайындалған металды, оның сынамасын және оның монетадағы таза салмағын анықтауға сараптама жүргізгеннен кейін инвестициялық монеталарды кері сатып алады. Инвестициялық монеталарды сатып алу бағасы, айтып өткенімдей, Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген тиісті бағалы металдардың таңертеңгі фиксингі және KASE-тің таңертеңгі сессиясында монеталарды филиалға сатып алу үшін тапсырған күні қалыптасқан теңгенің шетел валюталарына қатысты орташа алынған биржалық бағамына қарай айқындалады.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық Банк шағын құйма алтынды ұсынған болатын. Ол ұсынысы күшінде ме, әлде оны шығару тоқтатылды ма?

– Ұлттық Банк шағын құйманы ха­лыққа бір рет сатты. Алайда, бұл акция нарықта кеңінен тараған жоқ. Акцияның тоқтатылуының тағы бір себебі – шағын құймаларды сатып алу мен олардың айналыс тетігінің болмауы. Бұдан басқа, шағын құймамен операциялар – орталық банкке тән емес функция.

– Бағалы металдары бар, техни­касы күрделі, сирек металдарды пай­­­­далана отырып жасалған кейбір мо­неталардың әдемілігі сонша, оларды баяғы замандағы сияқты, әшекейге айналдырғың келетін тұстар болады. Алайда, бұл жағдайда монеталар өздерінің коллекциялық және инвес­тициялық құнын жоғалтпай ма?

– Ұлттық Банктің сайтында ба­ғалы металдардан жасалған монеталарды сақтау жөніндегі ұсынымдар орналастырылған, оларға сәйкес бағалы металдардан жасалған бұйымдар олар­дың механикалық бүлінуін болдырмайтын жағдайларда сақталуы тиіс. Сонымен бірге, коллекциялық монеталарды зауыттық орауынсыз (қатты мөлдір капсулалар), поливинилхлоридтен (түсі жоқ, мөлдір пластмасса, термопластикалық полимер) дайындалған альбомдарда сақтауға болмайды, себебі, бұл монеталардың сапасын нашарлатуы мүмкін. «Proof» сапасымен жасалған алтын және күміс монеталар соғылғаннан кейін қатты мөл­дір капсулаларға салынады. Егер монеталардан әшекей жасағыңыз келсе, олардың өздерінің коллекциялық құнын жоғалтатынын есте сақтау қа­жет. Алайда, бұл жағдай монетаның инвес­тициялық құнына қандай да болсын дәрежеде әсер етпейді. Ұлттық Банк бағалы металдан дайындалған монеталарды кері сатып алуға қабылдай отырып, монета дайындалған металды, металдың сынамасын және монетадағы металдың таза салмағын анықтауға сараптама жүр­гізгенде монетаның нысанындағы өзгерістерге көңіл аудармайды.

– Соңғы сұрақ: монеталарды қайдан сатып алуға болады?

– Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сатуды ҚР ҰБ филиалдары жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банктің http://www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» қосымша бетінде орналасқан Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. Монеталарды тұрақты негізде сатып алу ниетіңіз болса, осы Интернет-дүкеннің сайтында тіркелу қажет.

Әңгімелескен

Алевтина ДОНСКИХ.

Мұндай әмиянды үйде ұмыта алмайсың

Республикада төлем қызметтерін көрсетудің балама инновациялық арналары белсенді түрде кеңеюде

Еліміздегі электрондық банктік қызметтер нарығын дамыту әлеуеті өте жоғары. Өзекті әрі болашағы бар жаңалықтардың қатарына электрондық ақшаның (ЭА) айналымға енгізілуін, алғашқы отандық электрондық ақша жүйелерінің пайда болуын батыл жатқызуға болады.

Қазақстанда электрондық ақша нарығының заңнамалық аясы 2011 жылы құрылған болатын. Елімізде 4 электрондық ақша жүйесі іске қосылып, жұмыс істеуде:

1. «Қазақстан банкаралық есеп айырысу ор­талығы» РМК электрондық ақша жүйесі. Эмитент-қатысушылары 2 банк – «Эксимбанк» АҚ және «Темірбанк» АҚ.

2. «Woopay» электрондық ақша жүйесі, эмитенті «Еуразия банкі» АҚ болып табылады.

3. «KZM» электрондық ақша жүйесі, эмитенті «Альянс банк» АҚ болып табылады.

4. «Visa Qiwi Wallet» электрондық ақша жүйесі. Бұл жүйе өз қызметін 2013 жылғы 20 мамырда бас­тады. Бұл жүйенің эмитенті «AsiaCredit Bank» АҚ болып табылады.

Аталған жүйелерде мыңдаған пайдалану­шылар тіркелген, олар бүгінгі күні түрлі жеткізу­шілердің қызметтеріне ақы төлеу бойынша сервистерге қол жеткізе алады, оның ішінде барлық жетекші мобильдік операторлар, коммерциялық теледидардың операторлары, коммуналдық кәсіп­орындар және т.б., P2P аударымдар. Жоғарыда атап көрсетілген жүйелердің Интернет-порталында пайдаланушыларды тіркеуге, электрондық әмиян­дарды ашуға және электрондық ақшамен операциялар жүргізуге мүмкіндік бар.

2013 жылдың соңғы 6 айында (ағымдағы жылдың 2 және 3-тоқсандары) Қазақстанның аумағында қазақстандық эмитенттердің электрондық ақшасын пайдалана отырып 2,2 млрд. теңге сомаға 1,1 млн. транзакция жүргізілді. Бүкіл аталған жүйелердің ішінде мультибанктік сипаты бар жалғыз жүйе – «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-ның Электрондық ақша жүйесі (www.ekzt.kz). Бұл жүйеге эмитент ретінде бір мезгілде бірнеше банк қатыса алады.

Түрлі жүйелердің болуы олардың арасындағы бәсекелестіктің пайда болуы мен кеңеюіне, сондай-ақ тұтастай алғанда ұсынылған сервистердің және олардың сапасының жақсаруына ықпал ететін болады. Алайда, бұл жағдай одан әрі жеткі­ліксіз интероперабельділікке байланысты не­месе түрлі жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлесімділіктің болмауына қарай өте күр­делі проб­леманың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Бір жүйеде шығарылған электрондық ақша басқа қатар жұмыс істейтін жүйелердің инфра­құры­лымында ылғи пайдаланыла және қабылдана алмайды, бұл белгілі бір дәрежеде Қазақстанда электрондық ақшаның жаппай қолданылуын шектейтін болады. Тиісінше, электрондық ақша жүйелері одан әрі даму жоспарларын әзірлеген кезде соның ішінде пайдаланушыларға төлем қызметтерінің ең төмен қажетті көлемін ұсыну үшін жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселе­лерін бірлесіп шешуге бағдар жасауы тиіс.

Сонымен қатар, электрондық ақшаның кейбір сипаттамаларын естеріңізге түсіре кетейін. Оны пайдаланған кезде банк шоты ашылмайды, себебі ақшалай құны иесінің электрондық құрылғысында (электрондық әмиянында) сақталады. Мұндай электрондық құрылғы ретінде кез келген ақпаратты тасымалдаушы немесе электрондық ақшаны есепке алуды не оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету бола алады. Оның көмегімен ақы төлеу банк шоттарын пайдаланбастан, Интернет және өзге де телекоммуникациялық желілер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанда электрондық ақшаны пайдаланумен байланысты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушылары: эмитент – ЭА шығаратын және оны өтеу бойынша өзіне міндеттеме қабылдайтын банк (Қазақстанда ЭА-ны тек банктер ғана шығара алады); агент – эмитент-банкпен жасалған шарт негі­зінде ЭА-ны таратуды – оны жеке тұлғаларға сату мен олардан сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға (эмитент емес). Жүйеге сондай-ақ: оператор – ЭА жүйесінде операциялық және басқа да технологиялық функцияларды орындайтын тұлға кіреді. Оператор ретінде эмитентпен жасалған тиісті шарт негізінде эмитент-банк не жеке банктік емес ұйым, сондай-ақ электрондық ақша иелері – жеке және заңды тұлғалар бола алады.

ЭА иелері – жеке тұлғалар оны тауарларға және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін, сондай-ақ басқа жеке тұлғаларға аударымдар үшін пайдалануға құқылы. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің төлемдерді жүзеге асыру және өзге де операциялар үшін ЭА-ны сатып алуы мен пайдалануына рұқсат берілмейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің олар жеткізетін тауарларына (қызметтеріне) ақы төлеу үшін оларды қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқығы бар.

ЭА шығару үдерісі айырбастау операциясын – клиент енгізген нақты ақшаның орнына оны беруді болжайды. ЭА эмиссиясын эмитент-банк клиенттен нақты ақшаның тең құнын алғаннан кейін ғана жүзеге асырады. ЭА-ны кредитке не клиенттен қабылданған ақшадан асатын сомаға беруге қатаң тыйым салынған. Банктерге тиісті бақылау жүргізіледі және заңнамада банктердің осы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленген, себебі мұндай жағдай қамтамасыз етілмеген ЭА эмиссиясына әкеп соқтыруы мүмкін.

Электрондық ақша клиентте 2 тәсілмен пайда болуы мүмкін: оны эмитент-банктен не оның агентінен қолма-қол емес немесе қолма-қол тәртіппен сатып алу. Сатып алынған ЭА пайдаланушының жүйеде оның электрондық ақшасын дербес есепке алу және сақтау үшін арнайы құрылған электрондық әмиянына есептеледі. Содан кейін төлемдер мен аударымдар үшін пайдаланылуы мүмкін.

Пайдаланушылар енгізген нақты ақша банкте жинақталып, сақталады. Бұл ақша кейіннен шығарылған электрондық ақшаны өтеу үшін пайдаланылады.

Эмитент-банктер өздері шығарған элек­трондық ақшаны өтеуге қабылдауға міндетті, бұл оларды номиналдық құны бойынша нақты ақшаға айырбас­тауды білдіреді: қолма-қол не ЭА иесінің талап етуі бойынша оны банк шотына аудару арқылы. Сауда ұйымдары үшін оларға пайдаланушылардан келіп түскен электрондық ақшаны өтеу тек қана қолма-қол емес тәсілмен жүзеге асырылады.

ЭА Интернетте сатып алу үшін өте ыңғайлы. Анық артықшылығы – Интернет ортада қажетті төлем операцияларын жүргізудегі жылдамдық, қауіпсіздік және ыңғайлылық. Электрондық әмиянды ашу үшін жүйеде қарапайым стандартты тіркелу рәсімінен өту қажет, бұған пайдаланушы небәрі бірнеше минутын ғана жұмсайды. Бұл ретте клиенттің компьютерге қандай да болсын бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алудың және орнатудың қажеттілігі жоқ, жүйеге кіру үшін паролі бар логинді алса жеткілікті. Бұдан кейін пайдаланушының Интернет желісіне кіре алатын әлемнің кез келген нүктесінен өзінің электрондық әмиянын басқару мүмкіндігі болады.

Келесі ерекшелігі – қолданыстағы заңнамамен белгіленген лимиттер шеңберінде шамалы тө­лем­­дер үшін жүйелердің пайдаланушыларын сәйкестендірудің жеңілдетілген тәртібі. Бұл жағ­дайда пайдаланушыны дербес сәйкестендіру және оның жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру жүргізілмейді, бұл пайдаланушыға компьютерде отырған күйінде Интернет арқылы электрондық әмиянды құруға және төлемдер жасауға мүмкіндік береді.

Электрондық әмияндар арасындағы төлемдер мен аударымдарға қызмет көрсету құны салыстырмалы түрде төмен. Мысалы, «Е-kzt» электрондық ақша жүйесінде пайдаланушылар үшін бір төлемнің құны ақы төлеу сомасы мен түрлеріне қарамастан небәрі 7 теңге құрайды. Электрондық әмиянды комиссиялар алмастан төлем карточкаларынан толықтыруға болады.

Ерлан АШЫҚБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаменті төлем жүйелерінің саясаты басқармасының бастығы.

 

Соңғы жаңалықтар