• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Түркістан облысында жаңа демалыс кешендері салынады

396 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған, деп жазады Egemen.kz

Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның демалуына мүмкіндік туады. Сондай-ақ аудандағы Қоғалы ауылдық округінде жеке инвестиция есебінен саумал-сауықтыру кешеніашылмақ. Жалпы құны 200 млн теңге болатынкешеннің сыйымдылығы – 100 орын. Онда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұдан өзге, ауданда «Қаратау» ЖШС-ы есебінен инвестициялық құны 200 млн теңге болатын демалыс кешені ашылады. Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округінде «Top resort» ЖШС-ы инвестициялық құны 187 млн теңгеболатын демалыс кешенін салуды жоспарлауда.

 

 

Түркістан облысы