2021 жылдың 15 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
2021 жылғы 15 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді.
2 094 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 711 адам, анықтамасыз 383 ҚР азаматы болды.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 889 жолаушы, анықтамамен - 776; анықтамасыз - 123;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 916 жолаушы, анықтамамен - 742, анықтамасыз - 174;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 144 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 2;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 51, анықтамасыз – 84.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
Бұдан өзге, aнықтамасыз келген 557 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
⚡️Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті