• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 16 Ақпан, 2021

Алматыда экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты

262 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жолаушылар тасымалы саласы айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгін экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты. №45, 70 сияқты бағыт бойынша қатынайтын автобус паркін жаңартамыз. Сыйымдылығы 90 адамға арналған үш есікті 12 метрлік жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жылжымалы платформа бар. Автобустар бейнебақылау, жолаушы ағынын есептейтін автоматты жүйе және жүргізушінің жағдайын бақылайтын датчикпен жабдықталған», деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, «Алматыэлектротранс» коммуналдық автопаркі барлығы 150 автобусты жеткізуге келісімшарт жасаған. Қалған 109-ы жақын арада келеді.

Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 83 автобус, соның ішінде 38 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша биыл жолаушылар тасымалы паркі 233 экологиялық таза көлікпен жаңартылады.