• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген 27 шетелдік анықталды

193 рет
көрсетілді

Атырау облысының Жылыой ауданында 27 шетелдік азамат заңсыз жұмыс тартылыпты. Бұл республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталып отыр.

«Республикалық іс-шараның алғашқы күнінде Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Құлсары қаласындағы құрылыс нысандарында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде жергілікті атқарушы органның рұқсатын алмай, заңсыз еңбекке тартылған Өзбекстан Республикасының 27 азаматы анықталды» деп мәлім еттіоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Құрылыс нысанында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабының 5-бөлімімен әкімшілік іс қозғалды.