Атырау облысында «Спутник V» вакцинасын егудің бірінші кезеңі аяқталды. Вакцинаны 998 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Коронавирус инфекциясына қарсы ерікті түрде вакцинаалудың бірінші кезеңі 1-15 ақпанда жүргізілді. Осы мақсатта Атырау қаласында 16, ал аудандарда 8 орын ашылды. Алғашқы кезекте вакцинаны медицина саласыныңмамандары алды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Атырау қаласында 725, аудандарда 273 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар арасында ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.