Қазақстандық Дмитрий Попко Италиядағы Бьелла челленджер турнирін сәтті бастады. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 88-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 187-ракеткасы, латвиялық Эрнест Гулбис немесе рейтингте 373-сатыдағы италиялық Рауль Бранкаччионың біреуімен таласады.
Айта кетейік, Италиядағы дода 21 ақпанда аяқталады.