Атыраудағы УГ-157/11 мекемесінде 150-ден астам жазасын өтеп жатқан әйелдердің кейбірі айына 5 кітап оқиды екен. Енді оларға жергілікті зейнеткер Мәлік Көптілеуов жеке кітапханасынан 100-ден астам кітапты әкеліп берді.
Қазір аталған мекеменің кітапханасы 6000-нан астам кітаппен қамтылып отыр. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан бөлек әлем классиктерінің де кітаптары бар.
«Бұдан бұрын жергілікті газеттер арқылы Атырау тұрғындарынан мекемеге қайтарымсыз кітаптар қабылдайтынымызды хабарлаған едік. Осы хабарландыруды естіген Атырау қаласының тұрғыны, мұнай саласында еңбек еткен зейнеткер Мәлік Көптілеуов жазасын өтеуші әйедер үшін 100-ден астам қазақ және орыс тіліндегі кітапты қайтарымсыз сыйлады», дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.